Негізгі сертификаттар

ҰКО (RSA) pki_rsa
ҰКО (GOST) pki_gost
НКО (RSA) root_rsa
НКО (GOST) root_gost

Кері шақырылған сертификаттардың тізімі

НУЦ (RSA) CRL Delta CRL
НУЦ (GOST) CRL Delta CRL

ЭЦҚны қайта шығарғыңыз келе ме? бөлімге өту >>

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтар

  • ҚР ҮКО деген не?

    Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын беру мақстатында құрылды. Осы мақсаттар үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін (сертификат) беруді қамтамасыз етеді. Тіркеу куәліктерін шығару тегін жүзеге асырылады.

  • ҚР ҰКО қызметін қандай негізгі нормативтік құқықтық актілер реттейді?

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы « 307-ІІ заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметінің стандарты.

  • Тіркеу куәлігі (сертификат) деген не?

    «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы « 307-ІІ заңымен белгіленген талаптарға электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растау үшін куәландырушы орталықпен берілетін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат.

  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің (сертификаттарының) қандай түрлері бар?

    1) Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін тіркеу куәлігі – электрондық құжатқа қол қоятын тұлғаны анықтау үшін арналған тіркеу куәлігі.
    2) Сәйкестендіру үшін тіркеу куәлігі – интернет ресурсқа немесе ақпараттық жүйеге (АЖ) кіру (сәйкестендіру) рәсімі арқылы өткен тұлғаны анықтау үшін арналған тіркеу куәлігі.
    3) SSL тіркеу куәлігі – сәйкестендіру рәсімін қамтамасыз ету үшін интернет ресурсты немесе АЖ-і пайдалану үшін арналған тіркеу куәлігі.

  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін (сертификаттарды) кімге және қанша береді?

    1) Жеке тұлғадан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    2) Заңды тұлғадан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    3) Е-НОТАРИАТ АЖ пайдаланушысынан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    4) ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КЛИЕНТ АЖ пайдаланушысынан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    5) SSL беруге жеке тұлғадан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    6) SSL беруге заңды тұлғадан бір өтініш бойынша бір мезгілде екі бір куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    7) Шетел мемлекетінің азаматынан (жеке тұлғадан) бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).
    8) Шетел мемлекетінің азаматынан (заңды тұлғадан) бір өтініш бойынша бір мезгілде екі тіркеу куәлігі беріледі (ЭЦҚ үшін және сәйкестендіру үшін).

  • ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің (сертификаттарының) қолданыстағы мерзімі қандай?

    ҚР ҰКО барлық тіркеу куәліктерінің қолданыстағы мерзімі оларды шығарған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы уақыттың өтуі бойынша ҚР ҰКО тіркеу куәліктері жарамсыз болып табылады. 1 жыл мерзім қастық ойлаушылармен оларды анықтау мүмкіндігінің уақытша кезеңіне шектеу үшін криптографиялық кілттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар кері қайтарылған тіркеу куәліктері тізімінің өзектілігін және оңтайлы көлемін қолдау мақсатында белгіленді.

  • ЭЦҚ деген не?

    Электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электроңдық құжаттын дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлык нышандар терімі; Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның меншікті қолтаңбасына тең мәнді және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы 307-ІІ заңына сәйкес талаптарды орындау кезінде бірдей заңдық салдарға ие. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін тіркеу куәлігін алып, сіз оған сәйкес жабық кілттің көмегімен электрондық құжаттарға қол қоя аласыз. Электрондық құжаттағы сіздің қолтаңбаңызды (ЭЦҚ) тексеруді оған қоса берілген тиісті тіркеу куәлігі бойынша жүзеге асыруға болады.

  • Жабық және ашық кілт дегеніміз не?

    Жабық кілт электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалыптастыру кезінде қолданылады. ЭЦҚ тексеру кезінде ЭЦҚ анықтау кезінде жабық кілтке пайдаланылған тиісті ашық кілт қолданылады. Жабық кілтсіз цифрлық қолтаңбаның тірек алгоритмін пайдалану жағдай кезінде цифрлық қолтаңбаны жасауға болмады. ҚР ҰКО егер өтініш берушіде жабық және ашық кілт болмаса тіркеу куәлігін шығара алмайды. Осыған байланысты ҚР ҰКО Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталған өтініш берушілерге оларды құру үшін ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ, криптопровайдер) береді. Ағымдағы кезеңде ол Java көмегімен www.pki.gov.kz сайтына тіркеу куәліктерін алуға өтінімдерді беру рәсімінде іске асырылған. Яғни, өтініш беруші pki.gov.kz сайтына тіркеу куәліктерін алуға өтінімді бергенде, оның есептеу техникасының құралдарында (ДК, негізгі ақпаратты тасығыш) жабық және ашық кілттерді туындату жүреді. ХҚКО-да өтініш берушінің тұлғасын сәйкестендіргеннен кейін, ҚР ҰКО оның ашық кілттерінің негізінде тиісті тіркеу куәліктерін шығаруды жүргізеді.

  • ҰКО кілттері және тіркеу куәліктері қандай есептегіш техниканың құралдарында сақталуы мүмкін?

    Өтініш беруші pki.gov.kz сайтына тіркеу куәліктерін шығаруға өтінімді берген кезде сақтау орыны ретінде келесі есептеу техникасының құралдарын таңдай алады:
    1. Сіздің компьютеріңіз – аталған тармақты таңдау кезінде кілтер мен тіркеу куәліктері пин-кодтың көмегімен қорғалған файлдар түрінде дербес компьютердің басқа құрылғыларындағы қатты дискіде және файлдық жүйелерде сақталатын болады. Осы сақтау орынының артықшылығы аталған файлдарды пайдаланудың қарапайымдылығынан, осы файлдарды рұқсат етілмеген көшіру мүмкіндігінің болмауынан тұрады.
    2. Казтокен – аталған тармақты таңдау кезінде кілтер мен тіркеу куәліктері пин-кодтың көмегімен қорғалған Казтокен сыртқы қорғалған негізгі ақпаратты тасығышта сақталатын болады. Осы сақтау орынының артықшылығы жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігінен, қаржылық құралдарға тасығышты сатып алу қажеттілігінің болмауынан тұрады.
    3. Жеке куәлік – аталған тармақты таңдау кезінде кілтер мен тіркеу куәліктері ақпараттық электрондық тасығышпен Қазақтстан Республикасы азаматының жеке куәлігінде сақталатын болады. Аталмыш сақтау орынының артықшылығы жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігінен, қаржы құралдарына оқу үшін картридерді сатып алу қажеттілігінің болмауынан тұрады.
    4. ҚорганS – аталған тармақты таңдау кезінде кілтер мен тіркеу куәліктері ҚорганS сыртқы қорғалған негізгі ақпаратты тасығышта сақталатын болады. Осы сақтау орынының артықшылығы жабық кілттерді көшірудің мүмкін еместігінен, қаржы құралдарына тасығышты сатып алу қажеттілігінің болмауынан тұрады.

  • ЭЦҚ-ны мен қай жерде пайдалана аламын?

    ЭЦҚ көмегімен ҚР кез келген азаматы алдымен «электрондық үкімет» порталында (www.egov.kz) және барлық Қазақстан бойынша әкімдіктерді, ХҚКО-да, ЗТМО бөлімшелерінде орнатылған қоғамдық қолжетімділік пункттері арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді және сервистерді пайдалана алады. ЭЦҚ-ны сонымен қатар ҚР ҰКО-мен ықпалдастырылған басқа да ақпараттық жүйелерде пайдалануға болады.

  • Жеке куәліктегі ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) қай жерде орналасқан?

    Жаңа үлгідегі жеке куәліктерде (ақпараттық электрондық тасығышпен) ЖСН беткі жағында оң жақ төменгі бұрышта орналасқан. Ескі үлгідегі жеке куәліктерде ЖСН келесі жақта сол жақ бұрыштағы штрих кодтың жанында немесе беткі жағындағы туған күннің жанында орналасқан.

  • Жеке куәлікте ЖСН болмаған жағдайда не істеу қажет?

    Егер Сіздің жеке куәлігіңіз ескі үлгіде болса және онда ЖСН болаған жағдайда, онда Сізге ЖСН алу және жеке куәлікті ауыстыру үшін тұрғылықты орныңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

  • ҚР ҰКО тіркеу куәлігін (сертификат) қалай кері қайтаруға болады?

    1. Тіркеу орталығына (ХҚКО) жүгінбей-ақ тіркеу куәлігін өздігінен қайтарып алу үшін жеке кабинетіңізге өтіп, нұсқаулыққа сәйкес қайтарып алуды жүргізу керек. Тіркеу куәліктерін ХҚКО арқылы қайтарып алу үшін Сізге бекітілген құжаттар топтамасын Тіркеу орталығына (ХҚКО) ұсыну керек.

  • Мен өзімнің жабық кілтімді жоғалтып алдым, енді не істеуім керек?

    Тіркеу куәліктерін қайтаруды жүзеге асыру үшін Сізге бекітілген құжаттар топтамасын Тіркеу орталығына (ХҚКО) ұсыну керек.

  • Тіркеу куәлігін шығаруда менің тапсырысымның мәртебесін қалай тексеруге болады?

    Сізге pki.gov.kz сайтында «Берілген тапсырыстың мәртебесі» тарауын таңдап (https://nca.pki.gov.kz/service/pkiorder/status/index.xhtml), Сіз алған тапсырыс нөмірін енгізіп «Іздеу» батырмасын басу керек. Тапсырыс мәртебесі - «Тапсырыс бойынша тіркеу куәліктері (сертификаттар) шығарылды» болған кезде, Сіз өз тіркеу куәліктеріңізді (сертификаттарыңызды) жабық кілттерді сақтау орнын таңдап, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басып орнатуыңызға болады.

  • Тіркеу куәліктерін алуға қажетті құжаттарды ХҚКО-на тапсырдым, бірақ тапсырыстың мәртебесі әлі «Жаңа» болып тұр.

    ХҚКО операторы пайдаланушыдан құжаттарды қабылдаған кезде олардың дұрыстығын бірден растауға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты хабарлауға міндетті. Егер құжаттарды тапсырғаннан кейін 1-ші жұмыс күні ішінде тапсырысыңыздың мәртебесі өзгермеген жағдайда, салдарды анықтау үшін ХҚКО-на жүгініңіз. Егер тапсырыс заңды тұлға жұмыскерлері берген болса, аталған тапсырысты растау заңды тұлғаның бірінші басшысымен жүзеге асырылуы тиіс, одан кейін аталған тапсырысты алдағы растау үшін ХҚКО-на жүгіну керек.

  • Мен менің ақпараттық жүйем немесе сайтым ҚР ҰКО кілттері және тіркеу куәліктерімен жұмыс жасағанын қалаймын, осындай ықпалдастыруды қалай жүргізуге болады?

    Келесі сілтеме http://pki.gov.kz/index.php/ru/razrabotchikam бойынша «Әзірлеушілер» тарауына кіруіңізді сұраймыз. ҚР ҰКО ықпалдастырумен байланысты барлық сұрақтарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

  • Тапсырысты берген кезде картинкамен код дұрыс емес берілгендігі туралы жазады, не істеу керек?

    Осы жағдайда Сізге Сізбен пайдаланатын браузердің кэшін тазарту қажет. Және бетті жаңарту қажет. Қате қайтадан туындаған жағдайда осы қатеден скриншотты алып тастау және 14-14 телефоны немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы бойынша техникалық қолдауға өтініш білдіру қажет.

  • Жеке кабинет арқылы тіркеу куәлігін қайта шығару кезінде қате пайда болды?

    Мүмкін сіз тіркеу куәлігінің басқа түрінің көмегі арқылы тапсырысқа қол қоюға әрекеттенген шығарсыз. ЭЦҚ үшін тіркеу куәлігін пайдалану қажет (жеке тұлғалар үшін ДК кілттерді және тіркеу куәлігін сақтаудың шарттары арқылы файлдың атауы RSA басталады, заңды тұлғалар үшін файлдың атауы GOST басталады). Қате қайтадан туындаған жағдайда осы қатеден скриншотты алып тастау және 14-14 телефоны немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы бойынша техникалық қолдауға өтініш білдіру қажет.

  • Smart Card Reader (карт-ридер) дегеніміз не және оны қайдан сатып алуға болады.

    Smart Card Reader (карт-ридер) - смарт-карты оқу үшін құрылғы. Жазу мүмкіндігі үшін ҚР ҰКО, сондай-ақ ақпараттарды электрондық тасығыштармен Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке куәліктерінің кілттері және тіркеу куәліктерін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы жаңа үлгідегі ҚР жеке куәліктерімен үйлесілімдікке тестілеуден өткен Smart Card Reader моделінің тізімін жариялайды (ақпараттардың электрондық тасығышы). Сатып алу мәселесі бойынша келесі байланыстар бойынша жүгінуге болады: Астана: Тархана көшесі 4, 211 оф, т. (7172) 293713, (7172) 293715; Алматы қаласы, Немировича-данченко 18, тел. 8-(727) 247 87 34, 8-(727) 354 04 72. Сонымен қатар Smart Card Reader негізгі компьютерлік дүкендерден сатып алуға болады.

  • ҚҚП дегеніміз не?

    Қоғамдық қолжетімділік пункті ақпараттық және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін «электрондық үкімет» қызметтеріне халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін арналған.

  • Заңды тұлғаның жеке куәлігіне ҚР ҰКО ЭЦҚ тіркеу куәлігін алуға болады ма?

    ЭЦҚ тіркеу куәліктерін жеке куәлікке шығару тек қана жеке тұлғалар үшін жүргізіледі.

  • ЭМС, salyk порталы және басқа ақпараттық жүйелердің құжаттарына қол қойған кезде немесе кірген кездегі проблемалар?

    ҚР ҰКО сізге тек тіркеу куәлігінің өзімен проблема болған жағдайда көмек көрсете алады. Егер тіркеу куәлігімен барлығы жақсы болған жағдайда, сізде проблема байқалса техникалық жүйеге немесе порталдың техникалық қолдауына өтініш білдіру қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін (2012 жылғы мамырдың 1-нен кейін шығарылғандар) тексеруді сіз тиісті нұсқаулықтың көмегі арқылы pki.gov.kz сайтындағы жеке кабинеттен жүргізе аласыз. Немесе электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтерді алудың көмегі арқылы мысалы мекенжай анықтамасы.

  • ЭЦҚ алуға тапсырысты тапсырылды, ХҚКО құжаттарды берілді. Сіздің тапсырысыңыздың мәртебесі – Тіркеу Орталығымен бас тартылды. Осы жағдайда Call – орталықтың операторы және пайдаланушы не істейді?

    ХҚКО операторы пайдаланушыдан құжаттарды қабылдаған кезде олардың дұрыстығын бірден растауға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты хабарлауға міндетті. Егер құжаттарды тапсырғаннан кейін Сіздің тапсырысыңыздың мәртебесі Тіркеу орталығымен бас тартылса, себепті анықтау мақсатында құжаттар тапсырылған ХҚКО-на жүгіну керек.

  • Қай жастан бастап ЭЦҚ тіркеу куәлігі беріледі?

    Қазіргі кезеңде заңгерлермен берілген қорытындымен сәйкес ҚР ҰКО ЭЦҚ тіркеу куәлігі 16 жастан бастап беріледі.

  • KAZTOKEN қорғалған тасымалдағышымен жұмыс жасау

    pngKAZTOKEN – электрондық цифрлық қолтаңбаның қазақстандық стандартының аппарат жүзінде іске асыратын, usb-салпыншақ түріндегі дербес құрылғы. KAZTOKEN қорғалған тасымалдағышына ҚР ҰКО тіркеу куәлігін алу үшін, өтінішті беру кезінде «Сақтау орны» тармағында «KAZTOKEN»-ді таңдау қажет. Осы тасымалдағыш жөнінде қосымша ақпаратты алу үшін келесі сілтеме бойынша өтуді ұсынамыз: kaztoken.kz

  • eToken қорғалған тасымалдағышымен жұмыс жасау

    png eToken – цифрлық сертификаттармен және электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) жұмысты аппараттық қолдайтын, деректерді сәйкестендіру және сақтаудың дербес құрылғысы. eToken USB-кілт түрінде жасалған. eToken смарт-карт немесе PKI (Public Key Infrastructure)технологияларын қолданатын барлық негізгі жүйелермен және қосымшалармен жұмысты қолдайды және ықпалдаса алады. eToken қорғалған тасымалдағышына ҚР ҰКО тіркеу куәлігін алу үшін, өтінішті беру кезінде «Сақтау орны» тармағында eToken -ді таңдау қажет. Осы тасымалдағыш жөнінде қосымша ақпаратты алу үшін келесі сілтеме бойынша өтуді ұсынамыз: сілтеме

  • Пайдаланушының жеке кабинеті арқылы саны 10 тіркеу куәлігінен артық ЭЦҚ-ны қайта шығару.

    Қазіргі уақытта ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы ұзартуға айына 10 тапсырыс түріндегі шектеу бар. Бұл бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады. Аталған шектеулерге байланысты тіркеу куәліктерін ұзартулы алдын ала жүргізуге ұсынамыз.

  • Mozilla Firefox браузеріндегі КЭШ-ті тазалау

    Mozilla Firefox браузеріндегі кэшті тазалау үшін «браузердің негізгі менюін» ашыңыз, «Журнал» - тарихын жою кіші менюді таңдаңыз. Немесе Ctrl+Shift+Del жедел батырмасын пайдаланыңыз. Ашылған терезеде «Кірулер тарихын тазалау» кнопкасын басыңыз, «Барлық» уақыттағы кезеңді көрсетіңіз. Қажетті қанатшалар қойыңыз - «Кірулер тарихы», «cooce (Куки) файлдары», «кэшты тазалау», «белсенді сеанстар», «сайттарды кұйге келтірулер». Содан кейін «Қазір жою» кнопкасын басыңыз. Браузерлердің түрлі нұсқаларында кнопкалардың атаулары мен менюлердің орналасуында болмашы айырмашылықтар болуы мүмкін.

  • Очистка КЭШ браузера Google Сrome

    Для очистки кэша браузера Google Hrome, откройте "основное меню браузера", выберите подменю "История" и нажмите кнопку "Очистить историю". Либо воспользуйтесь горячими клавишами Ctrl+Shift+Del. Выставите, нужные галочки - "история посещений", "файлы cooce", "очистить кэш", "данные размещаемых приложений", "лицензии на контент" и укажите период для удаления -"за все время". Далее нажмите кнопку «Очистить историю». В разных версиях браузеров, названия кнопок и расположения меню могут незначительно отличаться.

  • Очистка КЭШ браузера Opera

    Для очистки кэша браузера Opera, откройте "основное меню браузера", выберите подменю "История". Либо воспользуйтесь горячими клавишами Ctrl+H. В открывшимся окне нажмите кнопку «Очистить историю посещений». Выставите, нужные галочки - "история посещений", "файлы cooce", "очистить кэш" и укажите период для удаления -"за все время". Далее нажмите кнопку «Очистить историю посещений». В разных версиях браузеров, названия кнопок и расположения меню могут незначительно отличаться.

  • Очистка КЭШ браузера Internet Explorer

    Для очистки кэша браузера Internet Explorer, откройте основное меню браузера "Сервис", выберите подменю "Свойства обозревателя". Во вкладке "Общее" в разделе "Истоия просмотра" нажмите кнопку "Удалить". Либо воспользуйтесь горячими клавишами Ctrl+Shift+Del. В открывшемся окне выставите, нужные галочки - "временные файлы", "файлы cooce", "журналы", "данные веб форм". Далее нажмите кнопку «Удалить». В разных версиях браузеров, названия кнопок и расположения меню могут незначительно отличаться.

  • Очистка КЭШ Java

    Чтобы очистить кэш Java, выполните следующие действия: Откройте меню Start (Пуск) >Control Panel (Панель управления). Дважды щелкните значок Java в панели управления. На экране появится Панель управления Java. Нажмите кнопку Settings (Параметры), расположенную в разделе Temporary Internet Files (Временные файлы Интернета). В результате откроется диалоговое окно Temporary Files Settings (Настройки временных файлов). Нажмите кнопку Delete Files (Удалить файлы). На экране появится диалоговое окно Delete Temporary Files Settings (Удалить временные файлы). Нажмите кнопку OK в окне Delete Temporary Files (Удалить временные файлы). После очистки кэша, заново выполните Ваши действия на сайте pki.gov.kz.

FaLang translation system by Faboba