Негізгі сертификаттар

ҰКО (RSA) pki_rsa
ҰКО (GOST) pki_gost
НКО (RSA) root_rsa
НКО (GOST) root_gost

Кері шақырылған сертификаттардың тізімі

НУЦ (RSA) CRL Delta CRL
НУЦ (GOST) CRL Delta CRL

ЭЦҚны қайта шығарғыңыз келе ме? бөлімге өту >>

Бірінші басшы – заңды тұлға үшін тіркеу куәліктерін алу тәртібі

Артқа

 

Тіркеу куәліктерін алу үшін Сізге бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатып, on-line режимде өтінім беру керек. Сіздің ЭЦҚ жабық кілттері сыртқы құрылғыда немесе файлдық жүйеде генерленеді. Қажетті құжаттар пакетін жинаңыз да, берген өтінімді растау үшін Тіркеу Орталығына (ХҚКО) жүгініңіз. Бұдан кейін берілген өтінім нөмірі бойынша тіркеу куәліктерін орнатыңыз.

 

1. Өтінімді беру алдында, пайдаланушы нұсқаулығымен танысыңыз.

 

 

ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алуға арналған заңды тұлға бірінші басшысының басшылығы

 

png

NCALayer-ді орнату туралы  пайдаланушы нұсқаулығы

 

 png

 

 

2. Бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату

Өтінімді on-line режимде сәтті беру үшін, Сізге  бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеп орнату керек.

 

Windows үшін NCALayer

Linux үшін NCALayer  

MacOSX үшін NCALayer

png png png

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысына арналған Тіркеу орталығына ҚКО) тапсыруға құжаттар тізімі:

  • Өтінім нөмірі және Өтініш берушінің қолтаңбасы бар өтінімді бергеннен кейін қалыптастырылған өтініш (белгіленген нысандағы);
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  • Заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат;
  • Жұмыс орнынан анықтама, немесе бірінші басшы немесе оның міндеттерін орындайтын лауазымға тағайындау туралы заңды тұлғаның мөрімен расталған (болған кезде) бұйрықтың көшірмесі (шешімдер, хаттамалар);
  • Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы  анықтама немесе куәлік.

 

Қызметті бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің бірінші басшылары үшін Тіркеу орталығына (ХҚКО) тапсыруға құжаттар тізімі:

  • Порталдан алған және бірегей нөмірі бар тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
  • Қызмет алушы өкілінің – жеке кәсіпкердің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
  • Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Құжаттарды 1-ші ай бойы ұсынбаған жағдайда өтінім жойылады.

 

 

Өтінім беру

FaLang translation system by Faboba