Негізгі сертификаттар

ҰКО (RSA) pki_rsa
ҰКО (GOST) pki_gost
НКО (RSA) root_rsa
НКО (GOST) root_gost

Кері шақырылған сертификаттардың тізімі

НУЦ (RSA) CRL Delta CRL
НУЦ (GOST) CRL Delta CRL

ЭЦҚны қайта шығарғыңыз келе ме? бөлімге өту >>

Сертификаттарды кері қайтарып алу

Сертификаттарды жеке кабинет арқылы кері қайтарып алу

Тіркеу куәліктерін Тіркеу орталығына (ХҚКО) жүгінбей-ақ өздігінен кері қайтарып алу үшін, Сіз жеке кабинетке өтіп, нұсқаулыққа сәйкес кері қайтарып алуды жүзеге асыруыңыз керек.

Тіркеу куәліктерін жеке кабинет арқылы кері қайтарған жағдайда, құжаттар Тіркеу орталығына (ХҚКО) ұсынылмайды.

 

Сертификаттарды Тіркеу орталығы (ХҚКО) арқылы кері қайтарып алу

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін, Сіз Тіркеу орталығына (ХҚКО) бекітілген құжаттар пакетін ұсынуыңыз қажет.

      1) Жеке тұлғалар, интернет-ресурстың домендік атауының иелері жеке тұлғалар, резидент емес жеке тұлғалар:
      - порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, резидент емес жеке тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
      - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      - көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
       2) Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер:
      - порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (болған кезде) жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушыдан, резидент емес заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме ұсынған жағдайда басшының қолы мен ұйымның мөрі талап етілмейді;
      - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      - көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
       3) Заңды тұлғалар, интернет-ресурстың домен атауының иелері заңды тұлғалар, «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар, резидент емес заңды тұлғалар:
      - порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (болған кезде) жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушыдан, резидент емес заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш немесе көрсетілетін қызметті алышыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме ұсынған жағдайда басшының қолы мен ұйымның мөрі талап етілмейді;
      - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      - Заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат;

FaLang translation system by Faboba