Негізгі сертификаттар

ҰКО (RSA) pki_rsa
ҰКО (GOST) pki_gost
НКО (RSA) root_rsa
НКО (GOST) root_gost

Кері шақырылған сертификаттардың тізімі

НУЦ (RSA) CRL Delta CRL
НУЦ (GOST) CRL Delta CRL

ЭЦҚны қайта шығаруыңыз келе ме? бөлімге өту >>

«Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- «МТҚ» РМК) Қазақстан Республикасында электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы куәландырушы орталықтарының қызметтерін көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді. 

2013 жылы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі «МТҚ» РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы куәландырушы орталықтарын Web Trust Program for Certification Authorities халықаралық стандарттарының біреуінің талаптарына сәйкестікке қатысты сертификаттаудан өткізу қажеттілігі туралы мәселені пысықтады.

«МТҚ» РМК уәкілетті органмен бірлесіп 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын (бұдан әрі- ҚР НКО) және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын (бұдан әрі-ҚР ҰКО) WebTrust халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау аудитінен өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні жеке тұлғалар интернет-ресурстармен жұмыс істеген кезде ҚР ҰКО берген негізгі тіркеу куәліктерін қолмен немесе автоматты орнатқыштың көмегімен орнатады. Мұндай іс-қимыл шифрланған SSL көлік механизмдері арқылы қауіпсіз қосылуды орнату үшін қажетті. Кейбір компьютерлік сауаттылығы жеткіліксіз азаматтар үшін бұл процедура күрделі болып табылады.

Процедураны оңайлату және пайдаланушылардың жұмысын оңтайландыру, атап айтқанда  RSA алгоритмінде ҚР ҰКО  негізгі тіркеу куәліктерін орнату қадамын жоққа шығару үшін 
ҚР ҰКО халықаралық Web Trust стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттаудан өткізу қажет.

Web Trust – бұл ең танымал және ақпараттың Интернеттегі қауіпсіздігін кеңінен түсіну саласындағы қағидалар мен өлшемшарттардың жиынтығын айқындайтын, пайдалануышлардың қауіпсіздігі үшін электронды жолмен көрсетілетін қызметтерді берушілер пайдалануға тиіс әлемдік стандарт.  Web Trust халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттаудан өту RSA алгоритміндегі ҚР НКО және ҚР ҰКО  негізгі тіркеу куәліктерін Microsoft, Apple, Opera, Google, Mozilla тәрізді танымал бағдарламалық қамтылымдарды өндірушілердің сенімді бағдарламалық өнімдері тізіміне енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдаланушыларға электрондық үкімет сервистерін игерудегі сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді және бұл біздің елдің әртүрлі халықаралық рейтингтердегі көрсеткішін жоғарылататыны күмәнсіз.

           Аталған сертификаттау ЭЦҚ құралдарын алу процедурасы мен оларды пайдалану кезіндегі пайдаланушылардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал оған әлемдік браузерлерді өндірушілердің (Internet Explorer, FireFox, Opera, Google Chrome және т.б.)  ҚР НКО және ҚР ҰКО  негізгі тіркеу куәліктерін тануы жолымен қол жеткізіледі.

       Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Сіздерден дауыс беру парағына өтіп,
ҚР НКО және ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын танымал браузерлерге енгізу туралы пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз.  Осындай дауыс беру ҚР НКО және ҚР ҰКО негізгі сертификаттарын танымал браузерлерге енгізу процедурасына көмектеседі.

           Дауыс беруге қатысуларыңызды сұраймыз! 

FaLang translation system by Faboba