Жеке тұлға үшін ЭЦҚ құралдарын алудың тәртібі
1 ҚАДАМ. «Криптопровайдер» бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату қажет. Шығарып көшіріп алу.
2 ҚАДАМ. Сертификаттарды online-да шығаруға тапсырыс беру
3 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының таңдалған Тіркеу орталығына өтініш, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну.
4 ҚАДАМ. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталығы құжаттарды қабылдайды және тапсырысты растайды. Деректерді өңдегеннен кейін, өтініште көрсетілген электрондық адреске тіркеу куәліктері жіберіледі.
Форматтағы пайдаланушының нұсқаулығы: Word Rar CHM
Құжаттардың тізімі:
- Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен тіркеу куәлігінің иесі - өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарының тұпнұсқалары және көшірмелері;
- Егер жеке тұлғаның өкілі өтініш берушінің атына Сертификат алатын болса, бірақ Тіркеу орталығында өзі болмаса, онда өзімен бірге қосымша нотариалды куәландырылған СЕНІМХАТ болуы қажет.